Рухани жаңғыру

Ашық аспан астындағы кітапхана

Акция

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Елбасының «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы шеңберінде және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясы аясында қала саябақтарында кітап көрмелері мен  буккроссингтерді жиі өткізеді.

«Керуен сити» сауда және ойын-сауық орталығы, А.Пушкин атындағы мәдениет және демалыс орталығы, «Ақтөбе Арбаты» алаңында кітап көрмелері мен букрросинг ұйымдастыру қазан айына дейін жалғасатын болады.

Кітап көрмелері негізінен «Ақтөбе — құтты мекен», «Туған жерім, сен жүрегіме жақынсың», «Туған жердің түтіні де қымбат…», «Көркейе бер, Ақтөбем!», «Мой город на белом холме», «Ақтөбе — ұлттың уызы ұйыған өңір», «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте», «Таулары — тарих, даласы — дастан», «Ескірмес ел есінде есімдері», «Туған жерім — алтын бесігім», тақырыптарында ұйымдастырылып жүр.

Бірдей үш жерде, таза ауада кітап көрмесін ұйымдастырудағы мақсат — қоғамның, соның  ішінде, балалардың көңілін кітапханаға аударып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Кітап көрмесімен бірге буккроссинг те ұйымдастырылады.

«Буккроссинг» дегеніміз не?Қазіргі заманда «Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде жүзеге асырылады.

«Буккроссинг» сөзі ағылшын тілінен «кітаптың айналыста жүруі» деп аударылады.Буккроссинг — «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби және адам мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушылар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Қозғалысқа қатысқысы келетін кез келген қала тұрғыны өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты көп оқырман оқитын болады.

Айналасынан оқшаулана түскен жас ұрпақтыруханияттың сара жолына салуымыз қажет. Сондықтан да қала тұрғындары саябақтарда ұйымдастырылған кітап көрмелерін тамашалап, буккроссинг қозғалысына көбірек қатысқанын қалаймыз. Әсіресе, жас буынды кітап оқуға қызықтырып, үйретейік.

Жарқын  СЕЙТМАҒАНБЕТОВА,

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button