Жаңалықтар

Еңбек даулары мәселелері талқыланды

Облыстық кәсіподақтар орталығы жыл басынан бері 46 медиативтік рәсім жүргізген. Соның ішінде 32 еңбек дауына қатысты 27 медиативтік келісім жасалған.Еңбек даулары мәселелері облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалық етуімен өткен жиында талқыланды. Бұл шараға Мәжіліс депутаттары Г.Щегельский, Б.Ізмұхамбетов, Қ.Қарекен және А.Тасболатовтар мен өңірдегі мұнай-газ саласындағы өндірістік кәсіпорындары, мемлекеттік органдар басшылары қатысты.

Жиында өндірістегі еңбек дауларының алдын алу, оларды шешу мәселелері туралы айтылды. Облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Жеңісбек Ақбергеновтің айтуынша, облыста барлығы 8,7 мың ұжымдық келісімшарт жасалған.

— Кешенді жоспарымызды жүзеге асыру аясында облыста жыл басынан бері 1000 мүшесі бар 6 кәсіподақ ұйымы құрылды. Соңғы үш жылдағы дерек бойынша, кәсіподақтары бар ұйымдарда еңбек дауларының үш есе төмендегені байқалады. Біз кәсіпорындарға барып, жиі кездесулер өткіземіз, түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр, — деді ол.

Сондай-ақ, жиында жұмысшылардың орташа айлық жалақысын көтеру, жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне зейнетақы міндетті жарналарын тұрақты аударуы, жұмысшылардың еріксіз еңбек демалыстарына шығуын болдырмау, қауіпсіз еңбек шарттары сынды мәселелер талқыланды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button