Жаңалықтар

Ұлттық гвардия жауынгерлері сайысқа түсті

Біріншілік

6655-әскери бөлімнің «Ақжар» әскери жаттығу  базасында ҚР Ұлттық гвардия  жауынгерлері арасында штаттық қарудан ату бойынша  біріншілік  өтті. Бұл шара 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналды.

Сайысқа Қарағандыдан «Орталық», Оралдан «Батыс», Алматыдан «Оңтүстік», Өскеменнен «Шығыс» командалары, Петропавлдан Ұлттық гвардияның  Әскери институты және Астанадан 5573-әскери бөлімнің жауынгерлері қатысты.

Турнир басталар алдында  қонақтар 6655-әскери бөліміндегі  лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

— Біріншілік Ұлттық гвардия  сарбаздарының арасында  үшінші рет өткізіліп отыр. Осыған дейін қатарынан екі рет самбодан өтсе, бұл жолы қару-жарақтан атуды таңдадық, — деді 6655-әскери  бөлімнің командирі, подполковник Мирас Тұрдалин. Әскери жаттығу алаңында сарбаздар Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан атысты.

Спорттық атыс сайысының қорытындысы бойынша Макаров тапаншасынан атудан  І орынды майор Мейірбек  Арысбеков («Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, 5511-әскери бөлім), ІІ орынды подполковник Роман Гроскоп (Әскери институт), ІІІ орынды  майор Рахымжан Бағдат («Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы, 5547-әскери бөлім) иеленді. Калашников автоматынан І орынды  қатардағы жауынгер  Мәди Мұханов («Орталық» өңірлік қолбасшылығы, 6506-әскери бөлім), ІІ орынды сержант Роллан Қажығалиев («Батыс» өңірлік қолбасшылығы, 3502-әскери бөлім), ІІІ орынды Ринат Сайфудинов (Әскери институт) алды.

Командалық сайыста Әскери институттың командасы ең үздік  деп танылды.

Ұлттық гвардия «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button