Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі ірі кәсіпорындарға барды

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов өңірдегі ірі кәсіпорындардың жұмысымен одан әрі танысу мақсатында металлургия саласындағы ірі кәсіпорын «Қазхром «ТҰК» қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен химия өнеркәсібімен айналысатын «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ барды.

Алдымен ол «Қазхром «ТҰК» АҚ бас директоры С.Прокопьевпен кездесті. Ферроқорытпа зауытының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі жоғары екендігін ескере отырып, жыл соңына дейін өндіріс көлемін арттыру бойынша тиісті шараларды қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, зауыттың төртінші цехы үшін салынып жатқан, қуаттылығы тәулігіне 720 тоннаны құрайтын үшінші кептіру желісі жобасын қарап, іске қосу жұмыстарын бағамдады.

Сондай-ақ, Абзал Әбдікәрімов «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ барып, басқарма төрағасы А.Химичпен кездесті.

Кездесу барысында облыа әкімінің орынбасары кәсіпорынның ағымдағы өндірістік қызметімен және зауыттың қоршаған ортаны қорғаудағы іс-шараларымен танысты. Сонымен қоса, №3 цехтің дайын өнім қоймасы мен №4 цехтің пеш бөлімшесінің жұмысын қарап, ұсыныстарын білдірді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button