Рухани жаңғыру

Тәрбиелік мәні зор

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар университетінде «Жолдар арқылы» және «Айран» атты фильмдердің көрсетілімі өтті. Шынайы оқиғаға негізделген фильмдерде қазақстандық отбасы мен қырғыз отбасының елден жырақтап, Сирияға кетуі баяндалады.

«Жолдар арқылы» фильмі екі бірдей жоғары дипломы бар Жазираның күйеуі мен балалары Сирияға кетпей тұрған кездегі басынан өткен жағдайлары, оның отбасы мүшелерінің айтуы­мен түсірілген. Жазираның күйеуі үйленгелі бері, яғни 12 жыл жұмыс істемеген. Балала­рын ұрып-соғып, кішкентай қыздарына арабша үйретіп өсірген.
Көрерменнің арасында бас кейіпкердің анасы Калпия Курманкулова да болды. Оның айтуынша, Сирияға кеткен қызынан қаңтардан бері мүлдем хабар жоқ. Жоба авторы Мәдина Ашилова фильмнен өзін таныған­дар ата-ана, бауырлары, ет жақындары оларды іздейтінін білсе, көрсе, райынан қайтса, оларға ой салса әрі осы арқылы жастар­дың діни сауатсыздығынан болатын мұндай олқылықтардың алдын алса деген ниетін жеткізді.
Сирияға кеткен Жазираның анасы да жас­тарымыз, болашақ ұрпақ оның қызының басына түскен жағдайдан сабақ алса деген оймен фильмге түсуге келісімін беріпті.
Бір сағатқа созылған бұл көрсетілімде дін мамандары, психолог, жоба авторлары студенттерді толғандырған сұрақтарға ­жауап берді. Болашақта бұл фильм отандық телеарналарға жол тартпақ.

Гүлбақыт Жанұзақова

anatili.kazgazeta.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button