Пікір

Халықтың табысы мен тұрмысы жақсарады

Құдайберген БЕКЕНОВ,

«Желдорформация» ЖШС директоры.

Бұл — еліміздегі тарихи оқиға. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми түрде кірісу рәсіміне облыс басшылары, Nur Otan  партиясының өкілдері, Президенттің сенімді өкілдері және жастар жиналды.

Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде зор сенім артқаны үшін қазақстандықтардың бәріне алғыс айтып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалаған стратегиялық платформаны әрі қарай дамыту жолындағы 10 негізгі бағытқа тоқталды. Сондай-ақ бұл бағыттарды жүзеге асыруға дереу іске көшу керек екендігін айтты. Атап айтқанда, халықтың тұрмыстық жағдайы мен табысын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар жасау, соттық-құқықтық реформа, тұрғын үй мәселесін шешу, өңірлерді дамыту, сондай-ақ жастарды қолдау шараларына баса назар аударды. Оның ішінде медицина, білім салаларын қайта қарау мәселелері де айтылды. Ең негізгі басымдылық — халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталды. Сондай-ақ сайлауға түскен басқа да кандидаттардың халық алдында берген уәделері сараланып, іске асырылатынын жеткізді.

Әрине, Қасым-Жомарт Тоқаевты көптен білеміз. Ол ел таңдаған, лайықты Президент.

Ең басты құндылығымыз — Тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктеп, асқақтай беретініне сенім мол.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button