Пікір

Бейбіт өмірді қолдаймын

Марат ҚОЙЛЫБАЕВ,

«Ербақыт» патриоттық клубының төрағасы, Ауған соғысының ардагері

Мен облыстық қоғамдық кеңестің және Nur Otan партиясының мүшесі ретінде елордада өткен Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсіміне қатыстым, осынау тарихи шараны өз көзіммен көрдім.

Шара барысында қызметіне кіріскен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін тыңдадық. Ол ә дегеннен өзіне сеніп, қолдаған халыққа алғысын жеткізді. Сосын қазіргі мемлекетіміздің негізін қалаушы Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті.

Маған ұнаған тұсы —  Мемлекет басшысының халық талабымен санасып, бағдарламасының негізін әлеуметтік салаға арнап отырғандығы. Тұрмыс деңгейін арттыруды, баспанамен қамтып, табыстарды әділ бөлуді, оқытушылар мен дәрігерлердің мәртебесін көтеруді басты міндет етіп белгіледі. Сондай-ақ, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Елбасының стратегиялық бағдарламасын негізге ала отырып, сабақтастық негізінде қызмет ететінін айтып, қазақтың ұлттық мүддесін әлемдік аренада да, басқа жерлерде де қорғайтынын мәлімдеді. Жастарға да үлкен сенім артып сөйледі. Еліміздің ертеңі — жастар. Биыл — Жастар жылы. Жігерлі, рухы биік, қайсар жастарымыз барда Қазақстан ешкімнен кем болмайды. Тек ауызбіршілік болу керек.

Мен өзім соғыс көрген азамат ретінде бейбіт өмірді қолдаймын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button