Денсаулық

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі — бұл тұрғын халық денсаулығын қорғау саласында халық мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғайтын мемлекеттік жүйе.

Бұл жүйе қатысушыларына дер кезінде, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді.

МӘМС ендірудің қажеттілігі неде?

Әлемде инфекциялық емес аурулардың өсуімен, жаңа медициналық технологияларды ендірумен және егде жастағы халық санының артуымен байланысты өзгерістер белең алып келеді.

Халықаралық тәжірибеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру жоғарыда аталған талапқа жауап береді және денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның қазіргі жүйесі мұндай талапқа дайын болуы және болып жатқан өзгерістерге дер кезінде әрекет етуі тиіс.

МӘМС-ті ендіру жан-жақтылық, әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық принциптерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры дегеніміз не?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры — бұл медициналық қызметтерді сатып алу келісімшартында көзделген көлем мен шарттарға сәйкес медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің аударымдар мен жарналарды жинауын, қызметті сатып алуы мен төлеуін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.

Азаматтың «сақтандырылғандығын» қалай білуге болады?

Азаматтың медициналық сақтандыруы бар-жоғын анықтау үшін медициналық ұйымның қызметкері бірыңғай электрондық деректер базасына азаматтың ЖСН-ін енгізеді.

Егер аударымдар жүргізілетін болса, онда жүгінуші сақтандыру ұсынатын барлық қызмет спектрін пайдалануға құқылы.

Өзін-өзі қамтыған және жұмыссыз азаматтар қалай МӘМС жүйесінің қатысушысы бола алады?

Жеке кәсіпкерлер жергілікті салық органдарына тіркелгені жөн. Жұмысы болмаған жағдайда жұмыспен қамту органдарына тіркеліп, жұмыссыз мәртебесін алуы қажет. Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар үшін жарнаны мемлекет енгізеді.

МӘМС жүйесінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде қандай қызмет түрлері бар?

– жедел жәрдем және санитарлық авиация;

– әлеуметтік маңызы бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;

– шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

– профилактикалық егулер.

Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болады.

МӘМС жүйесіне қатысушы қандай қызмет түрлерін ала алады?

– амбулаториялық-емханалық көмек;

– стационарлық көмек;

– стационарды алмастыратын көмек;

– жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету.

Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету көзделеді.

МӘМС енгізудің медициналық қызметкерге берер пайдасы қандай?

– жалақысы көтеріледі;

– медицина саласының үздік қызметкерлері тізіліміне кіру мүмкіндігі болады, үздік клиникаларда үздік медициналық жабдықтар болады және олар тұрақты түрде жаңартылып отырады;

– нарықта бәсекеге қабілетті болады (пациенттің дәрігерді таңдау мүмкіндігі болады);

– медициналық қызметкерлердің мойнына артылған жүк кезең-кезеңмен азаяды.

МӘМС енгізудің халыққа берер пайдасы қандай?

– амбулаториялық, дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету желісін кеңейту жолымен халықтың қызметтерге қолжетімділігі артады;

– сапалы медициналық көмекке қолжетімділік деңгейі артады;

– азаматтардың денсаулықтары жақсарып, өмір сүру ұзақтығы ұлғаяды.

 Ж.КОРЖИКОВА,

«Отбасылық медицина орталығы» МКК дәрігер-статисі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button