Жеңіс

Облыс әкімі ардагерлерді құттықтады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады.

Облыс басшысы алдымен соғыс ардагері Иван  Курочкиннің шаңырағында болды. Иван Александрович 1927 жылы 11 наурызда Орынбор облысында дүниеге келген. 1944 жылдың қараша айынан Кеңес армиясы қатарында болды. Тынық мұхит флотында гидроакустикамен бірге 1-суасты бригадасының құрамында қызмет етті. II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен,  «Жапониян жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанда 1961 жылдан бері тұрады. Ақтөбе облысында 1982 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеді. 1982 жылдан зейнеткерлік  демалыста. 4 ұл тәрбиелеп, олардан 7 немере, 9 шөбере көрді.

Облыс басшысы сонымен қатарАбдулла Нұсқабайдың отбасына  барып, соғыс ардагерін мерекесімен құттықтады. Абдулла Бұзаубайұлы 1925 жылы 7 мамырда Шалқар қаласында дүниеге келген. Кеңес әскерінің қатарына 1943 жылдың қаңтар айында шақырылған. Соғыс жылдарында Курск шыңында шайқасты, Ленинград блокадасын көтеру үшін шайқасқа қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», І-ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, Құрме» грамотасымен марапатталды. 1946 жылдан 1990 жылға дейін   Шалқар ауданында қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.  10 ұл-қыздан  25 немере, 15 шөбере сүйген.

Облыс басшысы майдангер Өтеш  Жалмағамбетті мерекесімен құттықтады. Өтеш Төлегенұлы 1924 жылы 24 сәуірде Мұғалжар ауданы  Ембі ауылында дүниеге келген. Курск шайқасына, Корсун-Шевченко мен Украинаның азат етілуіне қатысқан. «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Днепрді кесіп өткені үшін» медальдарымен марапатталған. 2015 жылы «Құрмет» ордені берілді. 6 ұл-қыздан 20 немере, 40 шөбере көрген.

«Келер ұрпақтың бейбіт өмір сүруі үшін жан аямай соғыстыңыздар, жас ұрпақ ерен ерліктеріңізді мәңгі есте сақтайды. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», — деді облыс әкімі.

Аталған  Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңіс күні мерекесі қарсаңында 120 мың теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы, сондай-ақ  180 мың теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button