Басты жаңалықтарЖеңіс

Ералы Тоғжанов «Даңқ» аллеясы мен Әлия Молдағұлованың ескерткішіне тағзым етті

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай, ақтөбеліктер ҰОС батырларын бір минут үнсіздікпен еске алып, «Даңқ» мемориалына және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне жиналып, батырлар ерлігін еске алды.

Шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Парламент және облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңір тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Салтанатты шара басталар алдында өңір басшысы тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысына қатысқандардың батырлығы мен ерлігін жиналғандардың есіне салды.

Сұрапыл соғысқа Ақтөбе облысынан 122 мыңнан астам адам аттанса,  36 мыңнан астамы майданнан оралмады. 35 ақтөбелік – Кеңес Одағының батыры атағымен, 9-ы – «Даңқ» орденімен марапатталды.

💬 «Отандастарымыздың, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, тыл еңбеккерлерінің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың батылдығы мен қайтпас қайсарлығының арқасында біз бүгін бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Біздің міндетіміз – Ұлы Отан соғысының батырларын еске алу, олардың ерліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

Облыс әкімі Жеңіс күні тарихи ескерткіштердің маңына жиналып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін еске алуға қатысқан, рухтарына тағзым еткен барша ақтөбеліктерге алғысын білдірді.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button