Пікір

Тұрақтылық пен айқындық үшін қабылданған шешім

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,

ақын, «Адырна» журналының бас редакторы.

Тәуелсіздік жылдарында еліміз түрлі сындардан абыроймен өтіп, даму жолына түсті. Қазақстанды ықпалды мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындады, елімізде көптеген әлемдік деңгейдегі өте маңызды іс-шаралар өтті. Ең бастысы, халқымыз ынтымақ-бірлікте, ашық аспан астында бейбіт өмір сүрді.

Енді, міне, тағы бір тарихи кезеңге келіп отырмыз. Елімізде жоғары билік ауысты. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу туралы шешімін өте маңызды, дұрыс шешім деп білемін. Жеріміз кең, санымыз аз халықпыз. Шекараның арғы жағындағы түрлі жағдайлар да бізді алаңдатады, әлемдегі ахуалдың сан құбылып тұрғаны рас. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуінде атап көрсетілгендей, алға басу үшін, іргемізді нықтай түсу үшін бізге айқындық өте қажет.

Мемлекет басшысы алдағы сайлаудың ашық әрі әділ өтетініне кепілдік беретінін айтты. Ал халық өз таңдауын жасап, басшысын сайлауы керек. Бұл тарихи маңызды сәт екенін, мұндай сәтте ынтымақ-бірліктің, ортақ мақсат-мүдделерге адалдықтың айрықша қажет екендігін естен шығармасақ деймін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button