Білім

12 педагог облыстық байқауда күш сынайды

Кеше облыстық «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі — 2019» байқауы басталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын сайыстан озып шыққаны республикалық сында бақ сынайтын болады.

Екі күнге созылатын байқаудың басты мақсаты — салада үздіктерді анықтау, олардың өзара тәжірибесінің артып, көрген-білгенін бөлісуіне жағдай жасау. Облыстық кезеңнің жеңімпазы сәуір айында өтетін республикалық байқауға жолдама алатын болады.

— Биыл қатысуға 12 мұғалім сұраныс білдірді. Олардың 90 пайызы ауданнан келді, тек 1-і облыс орталығынан қатысып отыр. Қатысушылардың дайындығын, шеберлігін сала мамандарынан құралған қазылар алқасы сараптайтын болады, — дейді бас төреші, Ақтөбе қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Базаргүл Сырымова.

Педагогтар 4 бөлім бойынша сынға түседі: тест тапсырады, өздерінің сабақта қолданатын жаңашылдықтарын паш етеді, ашық сабақтар өткізеді және спорттық іс-шараға қатысады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button