Ақтөбе — 150Басты жаңалықтарМереке

Өнерпаздар қайырымдылық көрсетті

1 наурыз — Алғыс айту күні қалалық Мәдениет үйінде «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концерті өтті. Ақтөбе қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі ұйымдастырған кешке қала әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова қатысты.

Кеш барысында сөз алған Күлпаршын Айдарханова өнерлі мектеп ұжымына қала әкімі Ілияс Испановтың атынан Алғыс айтып, арнайы диплом табыстады.

— Бүгінгі таңда бірнеше жылдық тарихы бар Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде мыңнан астам бала оқиды. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі оқуышыларымыз да бар. Олардың денсаулықтарында кінәрат болғанымен, өнерге, білімге деген құштарлығы ерекше. Бізді қуантатыны да осы. Біздің ұжым бұған дейін де мүмкіндігі шектеулі шәкірттерімізді болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін түрлі шаралар ұйымдастырып келеді. Бүгінгі шарамыздың да мақсаты сол.

Өнер ордасында тәлім алып жүрген 5 оқушымызға қаламыздың 150 жылдығына орай Алғыс айту күні қаржылай қолдау көрсету, — деді өнер мектебі директорының орынбасары Сәния Аймағамбетова.

Жұма күні өткен қайырымдылық кешінде балаларға жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылды. Концерттен түскен қаражат ақшасын өнер мектебінде білім алып жүрген 5 оқушыға табыстап, ата-аналарына шын жүректен алғыс айтылды.

Сондай-ақ Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің өнерпаздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа тамаша көңіл күй сыйлады.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button