Әлеумет

Бірлестік мүшелері қайырымдылық жасады

Алғыс айту күнінде Қазақстан халқы Асссамблеясы Ақтөбе облыстық филиалының өкілдері қайырымдылық іс жасады.

Облыстағы 18 этномәдени бірлестіктің мүшелері өзара топ құрып, көпбалалы отбасыларды мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Атап айтсақ, аталған отбасылардың тұрмыс жағдайларын көріп, зерттеген өзге ұлт өкілдері оларға азық-түлік пакеттерін үлестірді. Сондай-ақ бір отбасының жеке өтініші бойынша олардың 5 жастағы баласына құрастырмалы ойыншық сыйлады.

  • Бүгін елімізде Алғыс айту күні тойлануда. Сондықтан қазақ халқына мейірімділігі мен қайырымдылығы үшін алғысымды айтамын. Мен тұрып жатқан жеріме, Отаныма шексіз ризамын! — дейді 11-сынып оқушысы Анастасия Шейко өз тілегін білдіріп.
  • Бүгінгі мерекеде әр бірлестік бір отбасын құттықтап, оларға өз ықыласымыз бен құрметімізді білдіріп жатырмыз. Бұл акцияны ұйымдастыру — біздің ортақ бастамамыз. Осы қайырымдылық шарасын жыл сайын дәстүрге айналдырып, мұқтаж жандарға, отбасыларға көмек қолын созсақ дейміз, — дейді «Дағыстан» этномәдени бірлестігінің төрағасы Даази Омаров.

    Инесса ФАДЕЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button