Экономика

Жылыжай кешені жұмысын бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және азық-түлік саласында импортты алмастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.
Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында «Грин Капитал» ЖШС өнеркәсіптік үлгідегі тағы бір жылыжай кешені іске қосылды. Онда қызанақтың алғашқы жиналымы күтілуде. 2021 жылға дейін жылыжай кешенінің жалпы ауданы 20 гектардан асатын болады. Жоба бойынша жеке инвестициялардың көлемі 20 млрд теңгеден асады, бүгінгі таңда 7,2 млрд теңге қаражат салынды. 9 ақпан, сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралау барысында кешеннің қызметімен танысты.
Жылыжайдың басшысы Анастасия Попова: «Бұл соңғы климаттық жағдайлар мен конструктивті шешімдерді қолдана отырып жасалған соңғы үлгідегі жылыжай. Алғашқы 5 гектарда тек қызанақ егілді. Біз жылына шамамен 1,5 мың тонна жинауды жоспарлап отырмыз. Жылыжай қызанақтарының  ерекшелігі жоқ, бірақ біз өсірген негізгі сорттың дәмі жоғары деп мақтанышпен айтуға болады. Біз табиғи өсімдіктің табиғи моделін ғана қолданамыз — табиғи тозаңдану және энтомофагтар, яғни бәрі табиғаттағыдай жасалады», — деді.
Жылыжай кешені ақтөбеліктерді тек қызанақпен ғана емес, көкөніс, баялды және тәтті бұрышпен қамтамасыз етпек. Болашақта көкөністерді ішкі нарыққа жеткізуде басымдық артып, артығы экспортқа бағытталады.
Өңір басшысы өнім түрлерін кеңейтудің жоспарларын мақұлдады.
«Бұл өте дұрыс, өйткені Ақтөбеде қажеттілік тек қызанаққа ғана  емес», — деді кешен ұжымының еңбегіне сәттілік тілеген облыс әкімі.
Бұдан соң облыс әкімі «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  салынып жатқан аз қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Атап өтейік, осы мемлекеттік бағдарламаның аясында былтыр облыста 908 мың шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 7875 жаңа пәтер пайдалануға берілді, ал биылғы жылы аймақ билігі кем дегенде 1 млн шаршы метр тұрғын үйді тапсыру міндетін алға қойды.
Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев Қарғалы тұрғын үй ауданындағы Сәтбаев көшесінің бойындағы көпірдің жағдайын көрді. Бұған әлеуметтік желі қолданушыларының 2018 жылы салынған жол өткелінің ағымдағы жай-күйіне қатысты шағымдары себеп болды. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ыбырай Көзбаев құрылысшылардың кішігірім кемшіліктерге жол бергенін растап, оны  мердігер ауа райы жылынған соң өз есебінен толығымен дұрыстайтынын айтты. Облыс басшысы жұмыс сапасын қатаң қадағалауды тапсырды.
Сонымен қатар облыс әкімі 41-разъезд аумағына барып, бетон өнімдерін шығаратын зауыттың құрылыс барысымен танысты. Жобаның құны шамамен 1,5 млрд теңгеге жетеді. Салынып отырған инвестиция — жекенікі. Жоба кесте бойынша жүзеге асырылуда. Өндіріс биылғы жылдың тамыз айында іске қосылмақ.120 адам тұрақты жұмыс орнымен  қамтылады.
Облыс әкімі Батыс-3 шағын ауданындағы «Қызғалдақ» тұрғын үй кешенінің құрылысымен де танысты. 3,2 млрд теңгені құрайтын жобаның тапсырыс берушісі — «Ақтөбе» ӘКК. Тұрғын үй кешені жалпы ауданы 24 мың шаршы метрді құрайтын 305 пәтерге арналған екі үйден тұрады. Қазіргі уақытта бірінші үйдің құрылысы жүріп жатыр, екіншісінің құрылысы наурыз айында басталады. Үйдің құрылысын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button