Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен өңірлік жедел штабтың кезексіз отырысында құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстың жалпы деңгейін төмендету мәселелері қаралды. Оған құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері қатысты.

Жиынды ашқан облыс әкімі жылдың алғашқы күндерінде облыс аумағындағы қылмыстың 3 пайызға өскенін атап өтті. 1-3 қаңтар аралығында Ақтөбе қаласы, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Ойыл аудандарында 60 құқықбұзушылық тіркеліпті.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Махамбет Әбисатов өз мәлімдемесінде жыл басындағы  қылмыстың дені — ұрлық екендігін атап өтті. Мереке күндері көңіл көтеру орындарына келгендер арасындағы кикілжің әдеттегі күндерге қарағанда көп болған. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы қылмыс та  азаймай тұр.

Полиция департаментінің басшысы,  сонымен қатар құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу үшін жасалып жатқан шаралар туралы да мәлімдеді.

Баяндама тыңдалған соң облыс әкімі көшелер мен қоғамдық орындарда, оның ішінде, көңіл көтеру орындары мен букмекерлік кеңселерде қылмысты мейлінше азайту үшін барлық қажетті шараларды алу керектігін айтты Облыс әкімі әсіресе, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, олардың  ата-анасының  жауапкершілігін күшейтудің маңызды екендігін ерекше атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button