Құқық

Ұқыптылық – іске өлшем

Тәртіптік кеңес

Тәртіптік кеңестің кезекті мәжілісінде күн тәртібіне негізінен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы қызметкерлерінің Қобда ауданында мемлекеттік мекемелерге жүргізген жоспарлы тексеруі нәтижесінде анықталған заңдылықтардың бұзылуы ұсынылды.

Аудандағы Жиренқопа, Құрсай, Бұлақ, Терісаққан ауылдық округтерінің әкімдеріне Ар-намыс кодексі талаптарын өз мәнінде орындамады деген айыптар тағылды. Бұл негізінен конкурстар жариялау, қызметкерлерді аттестациядан өткізу, сондай-ақ іс құжаттарын жүргізуге қатысты.

Кеңес мүшелері мәселелерді кеңінен талқылап, тиісті орындарға ауыл әкімдерінің біреуіне қызметіне сәйкестігін қарау туралы шара қолдануды ұсынды.

Тәртіптік кеңестің төрағасы Нұрлан Сүйінбаев мемлекеттік қызметкерлердің мұндай ұқыпсыздықтарға жол беруін жауапсыздық салдарынан деп бағалады. Өкінішке қарай, осыған ұқсас жайлар басқа жерлерде де көптеп кездеседі. Сондықтан да төраға ондай құбылыстарға жол бергендердің жазасыз қалмайтындығын білдірді.

Аталған ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшыларына да осы тұрғыдан сындар айтылды.

Кедендік бақылау департаментінің кедендік бекетінің маманы Аманжол Әбубәкіровке қате толтырылған кедендік декларацияны қабылдау арқылы шешімдер әзірлеу барысында жеке тұлғаға заңсыз артықшылық көрсетті деген айып тағылды. Кеден қызметкері өз іс-әрекетіне қатысты нақты дәлелдер келтіріп, оны құжаттар арқылы мәлімдегеннен кейін оған қатысты шара қолдану үшін кедендік бақылау департаменті басшылығына жолданды.

Облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы Кенжетай Мұқановқа қойылған азаматтық газ тұтқыштарды мемлекеттік сатып алу келісім-шартының кейбір тармақтарының талабы орындалмады деген төңіректегі мәселелерге қатысты мемлекеттік қызметкер тарапынан түсінік-анықтамалар берілген соң кеңес мүшелері өзара пікірлесе отырып, бұл іске баға беруді жоғары билік қарауына ұсынуды жөн деп тапты.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button