Әлеумет

Көмек алып, кәсіп ашты

Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттердің бірі — еңбекке қабілетті, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтар үшін берілетін қаржылай көмектің кемшіліктерін жою. Осыған байланысты қазір  әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаж адамдарға көрсетіледі. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тек әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсене қатысқан жағдайда алады.

Әлеуметтік  көмек туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін көмек жаңа форматта берілетін болды. Мәселен, қазан айының басына дейін Әйтеке би ауданында аз қамтылған 179 отбасына 20563,7 мың теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалып, төленді. Соның ішінде  атаулы әлеуметтік көмек алатын 92  отбасы бір жолғы ақшалай көмекке өздерінің жеке шаруашылықтарын дамытты.

Сондай-ақ жеке кәсібін ашқан азаматтар бар. Мәселен, Қарабұтақ ауылының тұрғыны Шәрбану Абдулина мамыр айында Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту орталығына жолығып, өтінішін және тиісті құжаттарды тапсырды. Тағайындалған бір жолғы шартты ақшалай көмекке нан пісіретін пеш және басқа да қажетті заттарды сатып алды. Ол қазіргі кезде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, нан, тәтті тағам, торт пісірумен айналысып жатыр. Тұрақты жұмыс орнына өз жолдасын жұмысшы ретінде алды. Сонымен қатар Комсомол ауылының тұрғыны Гүлбану Сүлейменова да сәуір айында атаулы әлеуметтік көмек ретінде берілген қаржыға ірі қара сатып алды.  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2 миллион теңге көлемінде шағын несие алды.

Жалпы ауданда соңғы уақытта жұмыссыз азаматтар шағын кәсіппен айналысып, табыс тауып жүр.

Мұрат СЕЙТЕНОВ,

Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры.

     

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button