Әлеумет

«Ғажаптағы» күзгі думан

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде «Күз — елдің ырысы, құт-берекесі» атты күзгі думан өтті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік қолдау білдіру мақсатында өткен шара барысында бау-бақша жәрмеңкесі ұйымдастырылып, «Күз мерекем — күз берекем» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Сондай-ақ «Алтын күз» сайысы өтіп, балалар күз мезгіліне арналған сән үлгісін көрсетіп, қолдан жасалған қолөнер бұйымдары және ас мәзірімен таныстырды. Күз ханшайымы балаларға «Кім шапшаң?», «Жемістер теру» ойындарын ойнатты. Сергіту сәтінде қазақ және орыс тілдерінде жеміс-жидектер, көкөністер туралы жұмбақтарды жаңылмай шешіп, қойылған тапсырмаларға жауап берді. Сондай-ақ шара барысында «Лунтик и осень» мультфильмін тамашалады.

«Ғажаптағы» күзгі думан соңында кітапхана қызметкерлері балаларға түрлі жеміс-жидектер мен тәтті шырындар таратып, естелік суретке түсті.            

 Гүлнұр ОМАРОВА, 

Н.Байғанин атындағы 

облыстық балалар кітапханасының

 кітапханашысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button