Спорт

Ақтөбелік спортшылар Джакартаға аттанды

6-13 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында ІІІ Паралимпиадалық Азия ойындары өтеді.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен

хабарлағандай, бұл жарыста 3 ақтөбелік спортшы ел намысын қорғайды. Атап айтсақ,  жеңіл атлетикадан — Қаржаубай Тінеев 200 м және 400 м қашықтықтарда, ал Жәния Аяубаева ядро, найза және граната лақтырудан өнер көрсетеді. Сонымен қатар, жүзуден Шахан Жолдасбаев шалқалап жүзу әдісі бойынша 50 м, 100 м, 200 м қашықтықтарда сынға түседі.

ІІІ Паралимпиадалық Азиадаға 43 мемлекеттен 3,5 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. ҚР ұлттық құрамасы сапында 91 спортшы бар. Олар Ойындар бағдарламасындағы 9 спорт түрі бойынша (үстел теннисі, пара дзюдо, жүзу, көздеп ату,  пара пауэрлифтинг, садақпен ату, шахмат, пара жеңіл атлетика, отырып волейбол ойнау) жарыстарға қатысады.

 

Өз тілшіміз.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button