Анаға тағзымМәдениет

«Бір түп алма ағашын» тамашалады

Кеше Аналар слетінің қонақтарына Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Бір түп алма ағашы» спектаклі сахналанды.

Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы ақтөбелік көрермен қауымға бұрыннан таныс. Ахтанов атындағы театрда біраз уақыт бойы қойылған спектакль туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызы нендей, сол жөнінде сыр шертеді. Басты кейіпкерлер — ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын балалардың кере­ғар тірліктері театрға келген адамның жанына әсер етпей қоймайды. Көңілді мұңға бөлейтін көріністер, ағайындар арасындағы алауыздық, жалпы алғанда өмірдің боямасыз шындығы патша көңілді көрерменді әртүрлі сезімге кенелтеді. Қойылымда, әсіресе, басты рөлдегі Дәметкен ана (Шалқия Бақытжанова), оның кенже баласы Мақсаттың (Бекжан Қайроллин) ойыны сәтті шықты.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев бастаған атқарушы билік өкілдерімен бірге спектальді слетке келген қонақтар — академик, биология ғылымының докторы Ажар Жұбанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева, әнші Жадыра Арыстанова, т.б. тамашалады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button