Ресми

Байғанин ауданының 90 жылдығы аясында рухы бекем, киелі құт мекен Байғанин ауданының «Туған жерім – нұрлы елім» атты мерекелік іс-шараларының БАҒДАРЛАМАСЫ

21 қыркүйек 2018 жыл

 9.00-10.00  «Үміт» сәбилер үйі (Ағайынды Жұбановтар көшесі, 292 «а»)

«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған» ертеңгілік (аниматорлардың қатысуымен).

10.00-11.00  Пушкин атындағы саябақ

«Таңғажайып кітап әлемі» атты балаларға арналған библиофреш-инсталляция. Киелі Байғаниннің тарихи-табиғи  ескерткіштеріне виртуалды саяхат.

11.0012.00  С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы (Прохоров көшесі №11)

«Ақ тілектермен аттадым өмір есігін» шығармашылық  кеш және «Дариға дүние»  кітабының тұсаукесері.

12.00-13.00 Ақтөбе облысының қарттар мен мүгедектер интернат үйі                                                                      «Қарттарым, аман-саумысың?». Ақ әжелер ансамблінің концерті және қазақ отанасының қолөнер бұйымдарының шеберлік сағаты (киіз басу, ұршық иіру, жүн түту, тоқыма тоқу, кесте тігу, т.б.), қайырымдылық акциясы (сыйлықтар табыс ету).

 15-00-17.00  Қалалық Мәдениет үйі (бұрынғы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ғимараты)

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің сан қырлы талантты тұлғасы, өнер қайраткері, жерлес ақын, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаев атындағы «Ән мен жырдың Ақбұлағы» облыстық ән байқауы.

16.00-17.00 Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры

Даму мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мейірім нұры» тақырыптық қайырымдылық кеші, жаңадан ашылатын тренажерлық залға сый тарту.

18.00-19.00 «Керуен сити» орталығы 

«Бауырсақ Party» дегуcстация, бауырсақтың 10 түрі және «I love, бауырсақ» ойыны, «Poetaishon» жас ақындар арасында батл.

19.00-20.30 Өнер орталығы («Нұр ғасыр» мешітінің жанында)

Байғанин ауданының 90 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі Орал-Қосай Байсеңгірдің «Жемнің бойында» шығармашылық кеші.

                                                                                                             

22  қыркүйек 2018 жыл

 

8.00-12.00 «Табыс» коммуналдық базары           

«Риза қылсын ырзықпен сені, мені, Өлкемнің жәрмеңкелі керуені» атты ауданның ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі.

8.00-12.00 «Табыс» коммуналдық базары

«Табыс» коммуналдық базары сыртқы алаңында жерлес ақын, сазгерлердің әндерінен «Жүректен алтын арайлы, ән шашу елге тарайды» атты концерттік бағдарлама.

10.00-11.00 Батыс-2 шағын ауданы «Денсаулық» саябағы

Мүмкіндігі шектеулі және аутизммен ауыратын балаларға арналған «Нұрлы әлем»  қайырылымдылық шарасы.

10.00-12.00 «Нұр Ақтөбе» шағын ауданы №60 орта мектеп алаңы

«Нұр Ақтөбе» ауданында «Алтын асық» ұлттық спорт түрлерінен бұқаралық шара.

17.00-19.00  ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы

«Дәстүрі берік, рухы  асқақ мәңгілік ел — Ұлы дала» атты  ұлттық спорттық ойындар:

– «Тау көтерген Толағай» сайысы;

– Гиннес рекордтар кітабына енгізу мақсатында басынан допты түсірмей соғу.

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен:

«Сәулеті мен дәулеті асқан – Байғанин». Жем-Сағыздың әдеби әлемі мобильді кітапханасының таныстырылымы.

Байғанин аудандық музейінің ұйымдастыруымен:

«Киелі жерім – тарихы терең Байғанин». Қолөнер бұйымдарының көрмесі, шеберлік сабақтары. Ауданның тарихы үшін құнды табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер, киелі нысандардың сакралды картасына смартфон бағдарламасы арқылы экскурсия.

Байғанин аудандық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен:

«Бақытты бала  — еркін елдің ертеңі»;

Балалардың шығармашылық көрмесі (робототехника, дрондар, т.б.).

Аудандық ауылшаруашылық бөлімі және кәсіпкерлік бөлімдерінің ұйымдастыруымен:

«Кәсіпкерлік — кемел келешек кепілі» атты «Қазақстанда жасалған» белгісімен ауданның азық-түлік өнімдерінің және кәсіпкерлер жасаған бұйымдардың көрмесі.

19.00-21.00  Астана қаласының 20 жылдығы, ауданның 90 жылдығы, Алтын Ружеваның 90 жылдығы, Өтежан Нұрғалиевтің 80 жылдығы аясында «Рухы бекем, киелі мекен —Байғанин» атты аудан өнерпаздарының театрландырылған көрінісі және гала-концерт.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button