Спорт

Боз кілемде — балғын палуандар

Ізтұрған Сағиев турнирі

Жақында Алға облыстық балалар үйінде «Емшан компаниясы» заңды тұлғалар бірлестігінің тұңғыш президенті Ізтұрған Сағиевті еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында дәстүрге айналған аймақтық турнир өтті.

Турнирге Қызылорда облысынан, Ембіден, Қобдадан, Бадамшадан, Мұғалжардан, Алғадан және Ақтөбе қаласынан екі команда қатысты. Екі жүзге тарта балғын палуандар әртүрлі салмақ дәрежесінде күш сынасты.

Жарыстың құрметті қонақтары «Емшан компаниясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Ербол Әділов, Ерғазы Қоңыратбаев, облыстық балардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы Дамирлан Бекмағамбетов, Алға ауданы әкімінің орынбасары Нұрқан Ағниязов болды.

Еркін күрестен спорт шебері Ержан Қарабалин жарысқа төрелік етті.

Балалар үйінің балғын палуандары — Қазақстан чемпионы Екатерина Попова, спорт шебірлігіне үміткер Салтанат Шолпанқызы, Татьяна Якобович, Мария Шпирко, Раиса Амантаева, Мақсат Тұрлыбаев, Қуаныш Тоқсанбаев, Анна Литюшкина, Самат Мұхамбетов, Рахат Кенжетаевтар бірінші және екінші орындарды жеңіп алды. Ал Сабина Кофанова, Айдана Веревкина, Наталья Чибирева, Диас Ермураков, Арман Мұхамбетов, Виталий Мешалкин үшінші орынды иеленді.

Төрешілердің шешімі бойынша екі күнге созылған жарыста балалар үйінің балғын палуандар командасы «Ең үздік» команда атанды.

Қызылорда облысының палуаны Ахмедияр Абсаттаров «Жеңіске деген жігері үшін», Алға  облыстық балалар үйінің палуандары Раиса Амантаева «Ерекше ептілігі үшін», Самат Мұхамбетов «Спортқа шынайы құштарлығы үшін» мақтау қағаздарымен марапатталды. Қызылорда облысының жаттықтырушысы Достияр Сейтжапбаров «Ең үздік жаттықтырушы» атағын иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button