Спорт

Әділет — қола жүлдегер!

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ақтөбелік Әділет Шалғынбекұлы Қырғызстанда өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында қола жүлдеге ие болды.
ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Шолпон-Ата қаласында өтіп жатыр.

Белбеу күресінен 62 кг салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан Әділет бірінші белдесуінде Өзбекстан елінің спортшысын айқын басымдықпен жеңді. Өкінішке қарай, жартылай финалда Түркіменстан өкілінен 2:1есебімен жеңіліс тапты. Ал қола жүлде үшін болған күресте қырғыз балуанынан айласын асырып, жеңіске жетті.

Айта кетейік, биылғы Көшпенділер ойындарына  80 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр. Олар 37 этноспорт түрі бойынша бақ сынасады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button