Денсаулық

Ақтөбеде органдарды трансплантациялаудың елуінші операциясы жүргізілді

Қазіргі заманғы медицина науқастың органдарының жазылмайтын ауруларын емдейтін деңгейге жетті. Трансплантациялаудың жетістігі осы — операциядан өткен адамның денсаулығы мен өмір сапасын толық қалпына келтіру мүмкіндігі бар.

2014 жылдан бастап облыста органдарды трансплантациялау бағдарламасы табысты орындалуда. Осы уақыт ішінде органды трансплантациялаудың барлық мәселелері бойынша халыққа көмек көрсететін барлық қызмет құрылды. Ақтөбе медициналық кластері базасында бүйректі трансплантациялау бойынша өздігінше операциялар қазіргі заманғы барлық стандарттарға сәйкес келеді. Көп жағдайда науқастың туыстары донор болады.

Жақында Ақтөбеде бүйрек трансплантациялаудың кезекті операциясы жүргізіліп, онда науқастың өз қарындасы донор болды. Осылайша, ол ағасына екінші өмір сыйлады. Бұл Ақтөбе өңіріндегі елуінші операция болғандықтан, дәрігерлердің арнайы есебіне алынды. Соңғы жылдары ақтөбелік дәрігерлер бүйректі трансплантациялау бойынша 38 операция, бауырды трансплантациялау бойынша 12 операция жасады.

Ақтөбе медициналық кластері трансплантациялауды одан әрі дамыту бойынша белсенді жұмыс жасауда. Басты мақсат — бүкіл Батыс өңірінің тұрғындары үшін органдарды трансплантациялауды жүзеге асыру, республикамыздың тұрғындарының денсаулығын жақсарту.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button