Ресми

Облыстық «Анаға тағзым» форумы іс-шарасының аясында «Бояуымның түстері өзіңсің, Асыл ана!» атты балалар мен жасөспірімдер көркемсурет шығармашылығы байқауының Ережесі

 

Байқаудың ұйымдастырушылары: Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ, МКҚК «Ақтөбе дарын» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы;

Байқаудың мақсаты: Отбасының негізгі өмірдің ұйытқысы, ана мәртебесінің киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні, құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту, балаларды көркемдік шығармашылықпен айналысуға баулу, белсенді өмір көзқарасын тәрбиелеу, балалардың  дарынын дамытуға  қолдау көрсету.

Байқаудың міндеттері:

  1. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қарымының ашылуы.
  2. Танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, ішкі рухани дүниесін кеңейту.
  3. Оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуы.
  4. Өзін шығармашылық айқындалуға талпынуға және бейнелеу өнерінің көмегімен шындыққа эстетикалық баға беруге тәрбиелеу.
  5. Өскелең ұрпақты отбасы құндылығы мен «үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидатына тәрбиелеу.

Байқаудың талаптары:

Байқаудың қатысушылары қосымша білім беру мекемелерінің көркемөнер бөлімдері.

Қатысушылардың жас аралығы 12 жастан 17 жасқа дейін.

Байқау келесі жас категориялары бойынша өткізіледі:

кіші жас категориясы – 12-14 жас;

жоғары жас категориясы – 15-17 жас;

әр қатысушы талапкер бір номинация бойынша қатыса алады.

 

Байқаудың номинациялары мен тақырыптары: 

  • «Плакат номинациясы» — «Мейірбан Ана» тақырыбында;
  • «Қолөнер номинациясы» — «Әлем сүйген Ана» тақырыбында;
  • «Номинация композиция» — «Әр түсте Ана бейнесі» тақырыбында;

Жұмыстар келесідей техника мен құралдарда орындалады:

Плакат номинациясы А-2 форматында,  композиция номинациясында А-3 форматында жұмыстар түсті картонда, қатты қағазда, гуашь бояуы, акварель, тушь, т.б. аралас техникада орындалуы мүмкін.

Қолөнер номинациясы еркін: киіз басу, ши тоқу, кесте тігу, аппликация, коллаж,  т.б. жұмыстар түрі болады.

 

Конкурс жұмыстары 2018 жылғы 3-17 қыркүйек аралығында іріктеліп, әр жас категориясында қатысушылардың жұмыстары тапсырылады.

Әр жұмыстың артында оң жақ төменгі бұрышында  заттаңба (этикетка) болуы керек. Заттаңбада оқушы туралы келесі мәліметтер болуы қажет:

– тегі, аты, жасы;

– жұмыстың атауы;

– орындау техникасы;

– номинациясы;

– жетекшісінің тегі, аты, жөні;

– оқу орны, сыныбы.

Жұмыстар  мен өтініш  2018 жылғы  10 қыркүйекке дейін келесі мекенжай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы,  Гришин көшесі, 1-үй.

Факс 90-62-33.

Байқаудың қорытындысын  шығару –  2018 жылғы 12 қыркүйек.

Қазылар алқасы әр жас категориясында І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталатын жеңімпаздарды анықтайды, жеңімпаздар ұйымдастыру комитетінің жүлделі орындарына, ал белсенді қатысушылар алғыс хаттармен атап өтіледі.

 Байқаудың қорытынды көрмесі мен жеңімпаздарды марапаттау  Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылы 90 «б» мекенжайы бойынша 2018 жылғы 21-22 қыркүйекте өтеді. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button