Құқық

«Мұнай ұрлығымен айналысқан»

Қылмыс 

Кеше облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта трансұлттық қылмыстық топ құрамында ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталушылар ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Қылмыстық іс бойынша Қазақстан азаматы А.Қожағалиев, Белоруссия азаматы С.Кунцевич және олардың сыбайластары жауапқа тартылып отыр. Мемлекеттік айыптаушы сотта 8 қылмыстық оқиғаға байланысты тағылған айыптауларды толық қуаттады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде елімізден сыртқа заңсыз түрде мұнай тасымалдаудың бұрын-соңды болмаған және кең көлемдегі қылмыстық оқиғалары ашылған.

Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында Қазақстан, Белоруссия және Қырғызстан азаматтары бірігіп, аса зор көлемдегі заңсыз мұнай тасымалымен айналысқан, айталық, 2016 жыл ішінде ғана олар еліміздің аумағынан жалпы құны 1,5 миллиард теңге болатын 13 мың тоннадан астам мұнайды заңсыз алып шыққан. Аталған көлемдегі мұнай 230-дан астам цистерна-вагонмен тасымалданған.

Айта кетейік, 2016 жылы желтоқсанда ҰҚК, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро және ҚР Ішкі істер министрлігі бірігіп, біздің облыстың аумағында заңсыз мұнай айналымы бойынша қылымыстардың жолын кесу мақсатында кең көлемдегі арнайы операциялар өткізген еді. Операция барысында «Ақтөбемұнайөңдеу» ЖШС зауыты аумағында тінту жүргізілді. Жоғарыдағы қылмыстық топтың мүшелері осы операция шеңберіндегі шаралар қорытындысында қамауға алынды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button