Білім

18 оқулықтың тұсаукесері өтті

Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық» республикалық жобасын іске асыруға арналған жиын өтті.

Шара кезінде аталған жоба аясында жарық көрген 18 оқулық Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттеріне таныстырылды.

Бүгінгі күні философия, дінтану, әлеуметтік психология, антропология, басқару және басқа да пәндер бойынша үздік оқулықтар жарыққа шықты. Жоба аясында таңдалған оқулықтар әлем бойыша 37 тілдегі 42 елде жарияланып, шамамен 47 миллион таралымға ие болмақ. Кітаптар студенттерге әлемдік деңгейдегі классиктердің туындыларын түсінуге, ғылыми көкжиектерін кеңейтуге мүмкіндік береді.— Бүгінгі 18 кітаптың таралымы 10 мыңнан асады. Осы жылдың соңына дейін тағы 30 кітапты аудару жоспарланып отыр. Оқулықтар кітап түрінде ғана емес, сондай-ақ Ұлттық аударма бюросының сайтында электронды түрде қол жетімді. 16 кітап ағылшын тілінен, 1 кітап француз және 1 кітап орыс тілдерінен аударылып отыр. Бұл кітаптар әлемдегі жүзден астам елдегі ең үздік, алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында қолданылады. Оқулықтар кітапханалар мен оқу орындарында тегін таратылатын болады, — деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы облыстық «Рухани жаңғыру»  жобалық кеңсесінің менеджері Айман Маханова.Жарыққа шыққан кітаптар биыл жаңа оқу жылынан бастап оқу бағдарламасына енгізілмек. 

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button