Мәдениет

Поэзия пайғамбарына арналды

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толады. Соған байланысты  №39 қазақ орта мектебінде кітапхана меңгерушісі Венера Таласқалиева мен  кітапханашы Венера Исмағамбетованың ұйымдастыруымен «Поэзия пайғамбары» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Кешті Шыңғыс Атапкелов пен Гауһар Төлетова жүргізді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асқар Күштаев Абай өмірі мен еңбектері туралы тереңірек түсінік берді. Ақынның қара сөздері оқылды. 6-сынып оқушылары Айдана Имағамбетова, Айдана Сүйеуова, Бауыржан Тасқалиев ұлы ақынның қара сөздерін, өлеңдерін жатқа білетінін көрсетті. Әсіресе, жас шәкірттер Ақбота Жаңабаева, Ернұр Ануарбеков, Гүлнұр Амандос нақышына келтіріп  оқыды. Кеш соңында Абай әндері шырқалды.

А.ҚАЗЕКЕНОВ,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button