Экономика

Мониторинг «START AKTOBE» тәртібімен жүргізіледі

Цифрлық Қазақстан

Цифрландыру — ел экономикасы мен халық санының өсу деңгейін дамытудың кілті. Цифрландырудың арқасында Қазақстан экономикасы 30 пайызға өсуі қажет.

Бұл бірінші кезекте экономикалық өндірісті, соның ішінде агроөндірістік кешен, энергетика, тау-кен өндірісі және мұнай-газ өндірісі, сондай-ақ транспорт және логистика саласын қамтиды.

Былтыр желтоқсанда ел Үкіметі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қаулысын бекітті. Бұған дейін Елбасы Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы цифрлық трансформацияның негізгі іргетасы саналады. Бағдарлама 3 жыл бойы қоғамдық ақпаратқа ауысу, мемлекеттік басқарманы жетілдіру, «ашық және мобилді үкімет» институттарын құру, корпоративтік құрылымдарға ғана емес, ел азаматтарына да ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыру  жетістіктерінің дамуын іске асырды.  Енді Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында айтылған цифрландыру мәселесі барлық өндірісті қамтамасыз етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласы жедел, шынайы және толық ақпаратты қажет етеді. Осыған орай автоматтандыру мәселелерінің маңызды стратегиялық мәні бар, өйткені бұдан әрі қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нәтижелері тек материалдық базаның жай-күйінен, персоналдың біліктілігінен ғана емес, сондай-ақ барлық экологиялық ақпаратты ұсынудың дұрыстығы мен жеделдігінен де құралатын болады.

Бүгінгі таңда электрондық механизмдер электрондық қоршаған ортаны қорғау сияқты ақпараттық технологияларды енгізу тетіктерінің бірі саналады. Экономиканың барлық саласына қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар мен қолайсыз ауа райы жағдайлары тікелей немесе жанама әсер етеді. Сонымен қатар, өндірістік қызметтің сипаты мен белгілі бір саладағы технологиялық процестердің, сондай-ақ қолданылған құралдар мен шараларға гидрометеорологиялық жағдайлардың әсері бар. Былтыр Ақтөбе облысы бойынша ауа бассейніне 3632 шаруашылық құрылымдарынан 194,3 мың тонна ластаушы заттар шығарылды. Бұл 2016 жылға (169,7 мың т)  қарағанда 17 пайызға көп. Оның ішінде, мұнай-газ және тау-кен кәсіпорындарының үлесі —  131 мың тонна.  Бұл — 67,5 пайыз. Ауаны негізінен  ластаушылар — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (44,5 мың т), «Ақтөбе» магистральдық газ құбырлары басқармасы — (38,4 мың т), «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС — (27,3 мың т), «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» — (9,7 мың т),  Дөң тау-кен байыту комбинаты —  (8,5 мың т), «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС  — (3,5 мың т).

Елбасы өз Жолдауында «таза» энергияға, кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия жинақтау талаптарын күшейтуге, сонымен қатар өндіріс орындарында тиімді және экологиялық  жүйеге басты назар аударуды  атап өтті. Қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қоршаған ортаның ағымдағы жағдайы туралы  жеткілікті ақпарат алуға жол ашады.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде көрсетілген талаптарға сәйкес, облыста 533 кәсіпорын қоршаған ортаның экологиялық жағдайына өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді.

Департаменттің өзгермейтін талаптарының бірі — ірі кәсіпкерлік субъектілері  ұйымдастырылған ластаушы көздерін  автоматтандырылған датчиктермен жабдықтау және санитарлық қорғау аймағының шекарасына автоматтандырылған бақылау станцияларын ұйымдастыру. Қолайсыз ауа райы кезінде тек қана  автоматтандырылған жүйелер  атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға кәсіпорындарда шұғыл шара қабылдауға ықпал етеді.  Атмосфераның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына және олардың концентрациясының өсуіне жол бермейді.

Мониторинг және қоршаған ортаны қорғау сапасын бақылаудың үзіліссіз жүргізілуі автоматтандырылған жүйе мен датчикті байқауда  маңызды рөл атқарады. Өндірістік экологиялық мониторинг өткізу жаңа ақпараттық технологиялар орталығы — «Start Aktobe» тәртібімен қамтамасыз етіледі. Ақтөбе қаласында ағымдағы жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша орталық құрылысын салу  басталады.

Облыста атмосфералық ауаның сапасына бақылау жүргізіп отырған Жаңажол мұнай-газ өндеу кешенін атап кетуге болады.  Аймақ атмосфералық ауаның сапасына жетекші мониторинг жүргізетін талдамалы жабдықпен жабдықталған. Газотурбиналық 10 қондырғыдан және қазандық мұржасынан шығатын  пайдаланылған газ шығындылар көзі саналады. Әр шахтада газ шығуға бір зонд сынама алғыш орналастырылған. Оттегі, көміртегі оксиді, азот оксиді, азот, күкірт диоксиді ингредиенттері бойынша газоанализатор анықтайды.

Экология департаменті «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда жаңа ақпаратты-коммуникациялық технологияны енгізе отырып,  экологиялық және гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сонымен қатар қоршаған орта сапасын жақсарту және тұрақтандыруда Ақтөбе қаласының және облыстың атмосфералық ауа жағдайын жақсартудағы депаратементтің 2018 жылға ішкі жоспарын бекітті. Биыл ақпанда І санаттағы кәсіпорындардың өкілдерімен семинар-кеңестер  өткізілді. Семинарда кәсіпорындарда өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыруда қолданыстағы нормативті құжаттар бойынша түсініктер берілді. Сонымен қатар, ірі кәсіпорындардың өкілдеріне «Шығарындыларды автоматтандырылған өндірістік экологиялық бақылаудағы заманауи әдістер мен проблемалар» тақырыбында таныстырылым ұйымдастырылды. Кәсіпорындарға автоматтандырылған бақылау жүйесін қондыруда меморандумға қол қоюы —  департаменттің кәсіпорындармен жүргізген жұмыстарының нәтижесі.

Өндірістік экологиялық бақылаудың тиімділігі — кәсіпорындағылар экологиялық өлшемдерді өздері бақылай алады.  Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттар бойынша нақты уақыт шегінде олардың көлеміне қатысты ақпаратты біліп, төмендету бойынша шұғыл түрде шара қолданбасақ, ешқандайда нәтиже болмайды.

Ж.ИМАНҚҰЛОВ,

облыстық экология департаментінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button