Мәдениет

Айтысқа келіңіздер!

Ақтөбеде тағы бір республикалық айтыс өткелі отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды», — деп атап көрсеткен еді. Ұлттық мәдениетіміздің үлкен арналарының бірі — айтыс өнері. Соңғы жылдары Ақтөбеде республикалық деңгейдегі ақындар айтысын өткізу дәстүрге айналды. Бұған дейін Қазақ хандығының 550 жылдығына, облысымыздың құрылғанына 85 жыл толуына арналған, «Алтын домбыра», т.б. айтыстар өткенінен жұртшылық хабардар.

19 сәуірде біздің қаламызда, Әбілқайыр ханның 325 жылдық мерейтойы мен Астананың 20 жылдығына орай, «Ән дарыған далада, шыңға айналған Астанам!» атты республикалық айтыс өтеді. Айтыс облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен және облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілмек. Оған Ринат Зайытов, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Иран-Ғайып Күзенбаев, Шұғайып Сезімхан, Ершат Қайболдин, Жәнібек Бейбітов, Әлихан Жақсылық, т.б. ақындар қатысады деп күтіліп отыр.

Айтысты тамашалау үшін 19 сәуірде Өнер орталығына келіңіз!

Басталатын уақыты — таңертеңгілік 10.00.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button