Әлеумет

Көрісе барып, көмек көрсетті

Өткен жылы су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың бір бөлігі, облыс әкімдігінің қолдауымен, жаңа баспана тұрғызып алды. Солардың бірқатары Қурайлы елді мекенінде қоныстанған болатын.

Өткен сенбіде облыстың бас имамы Төлеби Оспан бастаған «Нұр Ғасыр» мешітінің бір топ қызметкерлері Қурайлы ауылдық округінде болды. Олар мұнда тасқыннан зардап шеккен отбасылармен қайта қауышып, қазақы салт бойынша көрісіп, хал-жағдайларын білді. Бұл —ҚМДБ-ның облыстық өкілдігінің «Ислам және отбасы» жылы аясында ұйымдастырған кезекті қайырымдылық шарасы.

Шара Елек орта мектебінде өтті. Оған 35 отбасы, 50-ден аса бала қатысты. Өкіл имам Төлеби Оспан келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Мешіттің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан отбасыларға 180 келіге жуық жаңа киім-кешек, кілемдер мен төсеніштер берілді.

Жиналғандар мешіт ұжымының көрсеткен көмегіне ризашылықтарын білдіріп, алғыс жаудырды.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button