Әлеумет

Негізгі бағыттың бірі — баспана

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі — халықтың әл-ауқатын жоспарлы арттыру мен тұрақты қоғам қалыптастырудың, барлық азаматтарды ортақ мақсатқа біріктірудің жолы.

Елбасының өзі айтқандай, Үндеуде айтылған бастамалар — ел игілігіне арналған ұтымды, оптимистік жоба. Сондықтан Президенттің бес бастамасын жүзеге асыруда барлық қазақстандық жұмыла жұмыс жасауымыз керек.

Елбасының «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасында айтылған «7-20-25» бағдарламасы — өте ізгі бастама. Баспана алу үшін жылдық пайызы — 7, бастапқы жарна құны —  20 пайыз, жылдық мерзімі 25 жылға дейінгі бағыт халықтың әлеуетін көтеруге негізделген. Бұл бастама еліміздегі отбасылардың, әсіресе жас отбасылардың баспаналы болуына үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Мен өткен жылы «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша мұғалімдерге, дәрігерлерге, мал шаруашылығы саласындағы жас мамандарға берілетін несие арқылы 15 жылға аудан орталығынан үш бөлмелі пәтер алдым. Бұл жас маманға деген мемлекеттің қолдауы деп түсінемін. Сол сияқты болашақта мен сияқты жас мамандар мен отбасылар «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспаналы болып, қоныстойын тойлайды деп сенемін.

Қорыта айтқанда, Елбасының бұл бастамаларыелдің қарыштап дамуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған оң шешім.

Шапағат АМАНЖОЛ,

Қарғалы ауданының №2 Бадамша орта мектебінің мұғалімі, жас маман.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button