Әлеумет

Газ ауылдың өмірін жандандырады

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуімен таныстық. Елбасы көтерген бұл бастамалар халқымыздың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуді көздейді.

Бұл аталған мәселелердің бәрі маңызды. Әлі де елімізде баспана жағдайын шеше алмай жүргендер көп.  Жалақы, әсіресе, ауылдың жағдайында төмен. Оны көбейту, салықты кеміту туралы ұсыныстар елдің көкейінен шықты.

Білімді жастар — елдің ертеңгі болашағы. Олардың жоғары білім алуы үшін барлық жағдай жасалуы керек. Егер жатақхана мәселесі шешілмесе, жастар, әсіресе шалғай ауылдардан баратын, қалаларда танысы жоқ студенттер қалай оқиды? Үш тілде оқытуды таяу жылдарда шешу мүмкін бе?

Әсіресе, маған бастамаларда елді толық газбен қамтамасыз ету мәселесінің төтелей қойылуы ұнайды. Қазір елімізде, оның ішінде біздің облысымызда да ауылдарға газ жеткізу ісі жыл сайын өрістеп келеді. Біздің ауданның өзінде қаншама ауылдарға газ барды. Дегенмен, өңірімізде әлі де біраз елді мекендер бұл игілікті көре алмай отыр. Бір өңірде, тіпті көрші отырған ауылдардың бірінде газ бар, екіншісінде жоқ. Мына ауыл көгілдір отын жағып рахат  көріп отырса, екінші ауыл от жағып, күл шығарады. Мысалы, біздің ауданның Алтықарасу, Қайыңды, Бабатай сынды іргелі ауылдарына газ барған жоқ. Расында да, Елбасы бесінші бастамада айтқандай, осындай ауылдарды, елді толық газбен қамтамасыз ету технологиялық және инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жаңа кезеңіне тың серпін берер еді.

Назира ХАЙРУЛЛАЕВА,

Шұбарқұдық ауылының тұрғыны.

Темір ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button