Рухани жаңғыру

«Аналарға тағзым» жобасы

Белорустар жаңа бастаманы қолдайды!

Сұрапыл соғыс жылдарында әйелдер көп қиындық көріп, жақын-жуықтарын, бауыр еті балаларын жоғалтты. Біздің аналарымыз күн сайын тынбай еңбек етіп, қиын да төзгісіз жағдайларды бастарынан өткерді. Ештеңеге қарамастан, олар болашақ ұрпаққа адамгершіліктің, ізгілік пен мықты ерік-жігердің үлгісін көрсетіп, есте қалды.

Біз, Ақтөбе облысындағы белорус диаспорасының өкілдері, «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығының құрылысы басталғанын ерекше қуанышпен қабылдадық.

Белорус және қазақ әйелдері облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың қоғамдағы аналардың рөлін арттыру, келешек ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру, жас отбасыларға қолдау көрсетуге ықпал ететін бұл бастамасын бірге қолдайды.

Алдағы уақытта аталған орталық Ақтөбе қаласының ландшафты инфрақұрылымының сәні ғана емес, болашақ ұрпақ үшін аналар алдында тағзым ететін айрықша ғимарат болады деп сенеміз.

Валентина Дынник,

 «Алеся» белорус этномәдени бірлестігінің төрайымы

 

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ, БІРЕГЕЙ ЖОБА

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл елімізде алғаш болып Ақтөбе облысының орталығында «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілікке тәрбиелеу орталығы салынып жатыр.

Айта кету керек, бұл кешен «Туған жер» акциясы аясында облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынуда.

«Аналарға тағзым» орталығы — еліміздегі әр азамат үшін қымбат, тіпті бүкіл адамзат бас иетін аналарға арналған республикада жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба. Орталықтың ерекшелігі сол, бұл ғимаратта экспозиция залы жасақталмақ. Онда келушілер қазақ тарихында өзіндік орны бар, ерлігі мен еңбегімен ел аузында қалған Бопай ханым, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жаманова, Әлия Молдағұлова, Аққағаз Досжанова, т.б. өмір жолдарымен танысып, мол мәлімет алады.

Кешенде психологиялық, кеңес беру, қолданбалы өнер, музыкалық білім, стилистика және дизайн кабинеттері жұмыс жасап, отбасылық тренингтер өткізіледі.

Отбасындағы әйелдің рөлін арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне сай болашақ аналарды тәрбиелеу — орталықтың негізгі міндеті.

Шешен халқының дәстүрінде анаға, әйелге ерекше құрметпен қарайды. Біз, шешен халқының өкілдері, тәуелсіздікке ұмтылып, Отан үшін жанын қиып, махаббат үшін күрескен, тарихта есімдері сақталған қазақ халқының әйел-аналарына тағзым ету мақсатында қолға алынған жобаны қолдаймыз.

Ильман Юсупов,

«Вайнах» этномәдени бірлестігінің жетекшісі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button