Рухани жаңғыру

Өлмес мұраның өнегесі

Дөңгелек үстел

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде профессор, терминолог, түркітанушы Құдайберген Жұбановты еске алуға арналған «Өлмейтұғын артында із қалдырған» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталған университеттің «Жұбановтану» ғылыми-зерттеу орталығында өткен жиынға тарих ғылымдарының кандидаты Самат Есқалиев, Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағатының қызметкері Бақытгүл Ешмұратова, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Үмбетхан Сәрсембин, филология ғылымдарының кандидаты Бағила Мұратбек және студенттер қатысты.

Шараның мақсаты — Құдайберген Жұбанов есімін ұлықтау арқылы жастарға Алаш қозғалысының белді тұлғаларын дәріптеп, олардың бойларына ұлттық рух пен рухани байлықты дарыту.

Дөңгелек үстелге қатысқан оқытушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына тоқталды. Сондай-ақ Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұралары мен идеялары жайлы әңгіме өрбітті.

Студенттерге Жұбановтану бейне-дәрісі, «Жұбановтар» мультимедиялық энциклопедиясы, сонымен қатар 3D кітап форматындағы «Жұбанов мұрасы» виртуалды мұрағаты көрсетілді.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button