Мәдениет

Арнаулы курс: 30 қызметкер қатысты

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығымен бірлесе «Мәдени-тынығу қызметі әдістемесін ұйымдастырудың қазіргі заманауи мәселелері» тақырыбы бойынша облыстың клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын өткізді.

Курсты жоғарыда аталған университеттің хореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасының аға оқытушысы Меңдігүл Сұлтанова жүргізді.

Клуб қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды тиімді жүзеге асыру, олардың тиісті кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ өздерінің білімі мен дағдыларын арттыруға бағытталған курсқа 30 қызметкер қатысты.

Тыңдаушыларға мәдени бұқаралық шараларды кәсіби ұйымдастыру әдістемесі, театрландырылған қойылымдар режиссурасы мен драматургиясын қамтамасыз етудің көкейкесті мәселелері бойынша шығармашылық және тәжірибелік сабақтарды қамтитын бағдарламалар ұсынылды.

Бес күндік біліктілікті арттыру курсын аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі сертификат беріліп, әдістемелік материалдар таратылды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button