Әлеумет

Шешімдерге өзгерістер енді

Мәслихат

№21 Қарғалы сайлау округінің депутаты Гүлжанат Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Басқосуға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Жиында облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №236 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы» және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №337 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Асхат Көбенов баяндама жасады.

Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button