Әлеумет

Ауыл шаруашылығы ел дамуына серпін береді

Жолдау

Президенттің халыққа Жолдауы  халықтың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, күш-жігер береді, жаңа істерге жетелейді. Даму бағдарламасы іспетті құжатта қазіргі ілгерілеу жылдамдығына лайық барлық бағыттар нақты айқындалған. Әсіресе,  агроөнеркәсіп саласына ерекше көңіл бөлінген. Бұл мәселелер біздің ауданымызға да қатысты екені байқалады. Маңызды саланы қалай тиімді етуге болатыны, осы бағытта мемлекеттің қолдау тетіктері туралы да нақты көрсетілген. Біздер ауыл шаруашылығы басымдықта тұрған ауданда болғандықтан осы саланы дамытуға аса назар аударылғанына қатты қуандық.

Өкінішке қарай, елімізде әлі де агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымының жаңашыл әдістері тиісті деңгейде қолданылмай отыр. Елбасы Жолдауында агроғылымды дамыту, оны нақты шаруашылықта енгізу, ауыл шаруашылығымен ғылыми негізде шұғылдану керектігі баса айтылған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеп, әлемдік нарықтағы үлесін ұлғайтуды көздейтін бағдарламалар жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы университеттерінің де  осы саланы ғылыми бағытта дамыту керектігі белгіленген.

Меніңше, агросектормен Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленгендей, ғылыми  негізде агротехнологияларды енгізіп, шұғылданар болса, өнімнің де бірнеше есе ұлғайып, ел дамуына үлкен серпін берері анық.

Сағындық БАЗАРБАЕВ,       

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button