Әлеумет

Жұмыла көтерсе — жүк жеңіл

Жолдау

Жолдауда қандай міндеттер жолданса да халық игілігі үшін бағытталатыны белгілі. Бізде басты құндылық адам капиталы болғандықтан, құрылысқа жаңа технологияларды енгізіп, оны пайдалануға мерзімін жеделдетсе де, ол салынған үйлерге халық кіреді, ғимараттар бой көтерсе, халық игілігіне жұмыс істейді, әлеуметтік жағдайды жақсарту делінсе ол да халықтың әл-ауқатын көтеруге әсерін тигізеді.

Елбасы Жолдауларында білім беру, мәдениет саласында қандай жұмыстар атқарылуы керектігі үнемі ескеріліп отырылады. Бұл дұрыс та. Өйткені, өскелең ұрпақ білімді болып, адамдарымыз салауатты өмір сүруі керек. Дәстүр мен мәдениет — Қазақстанның генетикалық коды десек, елді танытатын өнері, өнеріміз арқылы елімізді біледі. Ал бұл ұрпағымыздың жарқын болашағына септігін тигізеді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық беріліп отырғаны қуантады. Ата-бабамыздан бері баққан малымыздың игілігін көріп келеміз, одан кемдік көрмедік. Бұл ретте кәсіпкерлікке көңіл бөлудің маңыздылығы ерекше.

Елбасы Жолдауды халық үшін жолдады, оны бір ауыздан қолдап, әрқайсымыз беріліп тұрған мүмкіншілікті жібермей, осы Жолдаудағы жүктелген міндеттер жолында қарқынды жұмыстар атқаруымыз  қажет.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Көп болып қолдап, осы бағыттар бойынша жұмыстар атқарылса алынбайтын қамал жоқ. Осы Елбасының Жолдауын халыққа жеткізуде басты роль атқаратын келелі саланың бірі – ол біздің кітапхана. Сондықтан биылғы жыл басынан Елбасының айқындап берген он бағыты жолында жұмыс атқарып, өз арамызда талқылап, халыққа таныстырып, саналылықпен жұмыс атқарудамыз.

Мәдина КӨБЕКОВА,

Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button