Ресми

31 желтоқсан күні Тұңғыш Президент атындағы саябаққа жаңажылдық мерекеге шақырамыз!

Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары!

Сіздерді келе жатқан жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт және өркендеу, кәсіби, шығармашылық, қоғамдық, спорттық іс-шараларға сәттілік тілейміз және Тұңғыш Президент атындағы саябақта дәстүрлі мерекеге шақырамыз!

31 желтоқсан күні сағат 22.00-ден 1 қаңтар күні 02.00 сағатқа дейін Тұңғыш Президент атындағы мәдениет және демалыс саябағында қаланың шығармашылық ұжымдарының мерекелік шоу бағдарламасы, жаңажылдық түнгі дискотека, «Қош келдің, Жаңа жыл» атты театрландырылған қойылым, фейерверк өтеді.

Сізді сиқырлы жаңажылдық түн, көптеген музыка, ән мен билер, тосын сыйлар, әзілдер, конкурстар мен сыйлықтар күтеді. Сондай-ақ «Ең жақсы Аяз ата және Ақшақар» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button