Құқық

Сот қауымдастығы серпілді

Үстіміздегі жылы облыстық соттар қауымдастығы ұйымдастырған Наурыз мерекесіне 300-ден астам адам қатысты.

Судьялар мен сот жүйесі ардагерлері мерекеге орай тігілген төрт киіз үйде бас қосты. Жиналған жұртты жыл басы саналатын Наурыз мерекесімен «Ұмай-Ана» құттықтап, шашу шашты.

Бұдан соң жиналғандар наурыз көже, бауырсақ, басқа да тағам түрлері қойылған дастарқаннан дәм тата отырып, қалалық және аудандық соттар ұжымдары әзірлеген келін түсіру, тұсаукесер, беташар секілді қазақы салт-дәстүр көріністерін тамашалады.

Бұл күні арқан тарту, гір көтеру, басқа да спорттық және өнер жарыстарына қатысқандардың қанжығалары майланды. Өз өнерін ортаға салғандардың ешқайсысы да сыйлықтан құр қалған жоқ.

Сондай-ақ бас қосуға арнайы келіп, әдемі естеліктер айтып, жастарға ақ батасын жаудырған сот жүйесі ардагерлеріне де мерекелік сыйлықтар ұсынылды. «Наурызды шат-шадыман, кіршіксіз көңілмен, үмітпен қарсы алу — жақсылықтың белгісі», — десті риза болған қариялар.

Нұрлан КҮНТУОВ,

облыстық соттың баспасөз

қызметінің жетекшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button