Мәдениет

Құрмет көрсетілді, тілектер айтылды

Биыл да біз қасиетті қара шаңырағымыз — Ақтөбе гуманитарлық колледжіне асыға жеттік. Ерекше салтанатпен есік алдынан қаумалап күтіп алған колледж әкімшілігі мен ұстаздар, студенттер қауымы бізді, ардагер ұстаздарды, қолды-аяққа тұрғызбай, үлкен құрметпен қарсы алды. Колледж мұражайын аралатып, жаңа жәдігерлермен таныстырды.

Бұдан соң әдемі безендірілген фойеде өткен мерекелік шараға қатыстық.

Шара барысында колледж директоры Ералы Нұрғалиев оқу орнының жеткен табыстары мен алдағы атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып, оқу-тәрбие жұмыстарында табысты еңбек еткен ұстаздардарға мадақтамалар мен кәсіподақ ұйымы атынан сыйақылар табыстады. Жасы келіп, зейнеткерлікке жетіп жатқан ұстаздарға құрмет көрсетті.

Бұдан кейін ақ тілектер дастарқан басында жалғасты. Ардагер ұстаздар бір-бірімізге тілектер айтып, ұжымға алғысымызды білдірдік.

Негізі қаланғанына 95 жыл болған Ақтөбе гуманитарлық колледжінде қашаннан қалыптасқан дәстүр — ардагер ұстаздардан қол үзбей, олармен тығыз байланыс жасау. Ералы Ғұбайұлы басшылық еткен ұжым жас маман тәрбиелеп, білім беру ісінде тынбай, нәтижелі еңбек етіп келеді, колледждің материалдық жағдайы жақсарған, біз соның куәсі болып отырмыз. Ардагер ұстаздар атынан сіздерге табыстар тілейміз. Біздің алдымыздан білім алып, тәрбие көрген шәкірттеріміз бүгінде осы оқу орнында қызмет жасауда. Оларды біздің өміріміздің жалғасы деп мақтанышпен айта аламын, — деп тілегін білдірді ардагер ұстаз Айша Базарбайқызы.

Көңілді кештен ерекше әсер алған ардагер ұстаздар шара соңында колледж директоры Ералы Нұрғалиевке алғысын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

 Нұрбәтес ТОБАҒАБЫЛОВА,

колледждің ардагерлер кеңесінің мүшесі.  

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button