Мәдениет

Қарсы алыңыздар, Нарқыз келді!

Премьера

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Нарқыз» тарихи драмасының премьерасы өтті.

Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастанының желісі бойынша жазылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Нарқыз» пьесасы, аты айтып тұрғандай, басты кейіпкер — Нарқыз атты қыз туралы сыр шертеді. Кіші жүзден шыққан өнерлі, өр мінезді бойжеткеннің ерлігі, оның Орта жүздің қол бастаған жас нояны Ниязбен арасындағы ғашықтық ғаламаты көрініс табатын спектакль жастарды патриот болуға, ынтымақ пен бірлікке шақырады.

Жаңа қойылымға көптеп жиналған көрермендер ыстық ықыласын зор қошеметпен білдірді.

Премьера туралы толық материал газетіміздің алдағы нөмерінде жарияланады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button