Білім

Алты ұстаздың еңбегі үздік атанды

Жақында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті.

Мақсат — талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерге қолдау көрсету, мұғалімдердің зерттеу, авторлық бастамаларын дамыту, педагогтердің мәртебесін арттыру.

Сайысқа М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 6 педагогі қатысқан болатын. Жарыс қорытындысында, олардың барлығы да жүлделі орындарға қол жеткізді. Аталған білім шаңырағындағы алты ұстаздың еңбегі 276 жұмыстың ішінен жоғары нәтиже көрсетті. Сөйтіп, тартысты конкурстың қорытындысында, директордың бейіндік пәндер жөніндегі орынбасары Ләззат Пангереева, мектеп мұғалімдері Балия Жолаева, Күнімайгүл Смадияр, Рысхан Жұмабай ІІ орынды иеленсе, Ләззат Дәрменова мен Гүлзат Жолаевалар мақтау қағаз алды.

Күнсұлу ЖАҢАБАЕВА,

М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды

балаларға арналған мамандандырылған

мектеп-интернатының мұғалімі.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button