Басты жаңалықтарСпорт

Республика кубогы Ақтөбеде қалды

9-13 қараша күндері Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында өткен дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Кубогы өз мәресіне жетті.

Ел біріншілігіне  еліміздің 14 облысынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы өзара бақтарын сынады.

Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша ақтөбелік спортшылар қоржынға 6 қола медальды салды. Олар — 52 келі салмақта Нұржамал Жарманова,  57 келі салмақта Бақыт Құсақбаева, 60 келі салмақта Рустам Ибраев,  73 келі салмақта Жанболат Бағытбергенов, 81 келі салмақта Бекжан Абдуалиев және 90 келі салмақта Әділет Мисиндер.

Жарыстың соңғы күнінде, сондай-ақ, барлық облыстар арасында ҚР Кубогы сарапқа салынған болатын. Нәтижесінде ерлер арасында «Қазақстан Кубогы-2017» иегері болып Ақтөбе облысының командасы атанды. II орынды Шығыс Қазақстан, жүлделі III орынды Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары иеленді. Ал қыздар  арасында биылғы Қазақстан Кубогын алматылықтар иеленсе, II орынға Қызылорда, III орынға Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары лайық деп танылды.

Айта кетейік, спорттық сайыста оза шапқан палуандар ұлттық құрама сапында келер жылы ел намысын қорғап, Жазғы Азия ойындарына, басқа да халықаралық бәсекелерге жолдама алатын болады.

P.S. Төменде біз әр салмақ дәрежесі бойынша орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін ұсынып отырмыз.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

60 келі

  1. Жеңісбек Жақсыбек (Қызылорда облысы)
  2. Ғұсман Қырғызбаев (Алматы қаласы)
  3. Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)
  4. Ержан Еренғайып (Қарағанды облысы)

 

66 келі

  1. Ерлан Серікжанов (ШҚО)
  2. Бауыржан Сағынғалиұлы (Маңғыстау облысы)
  3. Төлеген Нұрғалиев (ШҚО)
  4. Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

 

48 келі

  1. Галбадрах Отгонцэцэг (ОҚО)
  2. Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)
  3. Әйгерім Төреғожина (Қарағанды облысы)
  4. Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

 

52 келі

  1. Кәмшат Қарасайқызы (Маңғыстау облысы)
  2. Жадыра Әміртаева (Жамбыл облысы)
  3. Назгүл Елмұратова (ШҚО)
  4. Нұржамал Жарманова (Ақтөбе облысы)

 

73 келі

  1. Азамат Муқанов (Қазақстан Дзюдо федерациясы)
  2. Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы)
  3. Жанболат Бағытбергенов (Ақтөбе облысы)
  4. Елдос Жұмаханов (Алматы қаласы)

 

81 келі

  1. Дидар Хамза (ОҚО)
  2. Қажымұқан Өтеулиев (Алматы қаласы)
  3. Бекжан Абдуалиев (Ақтөбе облысы)
  4. Азиз Қалқаманұлы (Жамбыл облысы)

 

57 келі

  1. Севара Нышанбаева (ОҚО)
  2. Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)
  3. Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)
  4. Гаухар Дүкенбай (Жамбыл облысы)

 

63 келі

  1. Мариан Ордабаева (Алматы қаласы)
  2. Иоланта Бердибекова (Алматы қаласы)
  3. Ділбар Өміралиева (Қарағанды облысы)
  4. Назгүл Құбашева (Атырау облысы)

 

70 келі

  1. Аэлита Шербакова (Алматы облысы)
  2. Динара Кударова (Қызылорда облысы)
  3. Ажар Салықова (Қарағанды облысы)
  4. Зере Бектасқызы (ШҚО)

 

-78 келі

  1. Альбина Аманенгелдиева (ОҚО)
    2. Зарина Райфова (Алматы)
    3. Назерке Тілеуханова (ШҚО)
    3. Назгүл Маратова (СҚО)

 

+78 келі
1. Гүлжан Исанова (ШҚО)
2. Саида Капсалякова (Атырау облысы)
3. Камила Берлікаш (Алматы облысы)
3. Зарина Абдрасулова (ОҚО)

 

90 келі
1. Дәулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы)
2. Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)
3. Әділет Миссин (Ақтөбе облысы)
3. Сұңғат Закарияев (Атырау облысы)

 

-100 келі
1. Виктор Демяненько (Алматы)
2. Әділхан Қозыбаев (Қызылорда облысы)
3. Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда облысы)
3. Жасұлан Мұхаметханов (ШҚО)

 

+ 100 келі
1. Санжар Жаббаров (Қарағанды облысы)
2. Талғат Әмренов ( ШҚО)
3. Даурен Нұралин (Алматы облысы)
3. Ақжігіт Оралов (Қарағанды облысы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button