Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі мен Татарстан Республикасының Президенті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Ақтөбе облысы әкімдігі мен Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы Келісім жасасты.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Татарстан Республикасы Президенті Рустам Минниханов Челябинск қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы ХІV форумы аясында бұл құжатқа қол қойды.

Келісім тауар айналымы деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара тиімді жеткізу, индустриалды және ІТ-парк қызметі бойынша тәжірибе және ақпараттар алмасу, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, туризм және спорт саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты көздейді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button