Ауыл

Үйірмелердің үздігі — «Жастар»

Қарғалы ауданы Жосалы ауылдық клубында көркемөнерпаздар ұжымдарының «Үздік үйірме — 2017» байқауы өтті.

«Үздік үйірме — 2017» байқауы үш кезеңнен тұрды: «Менің үйірмем», «Өнерге құштар жандар», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы». Байқауға ауданның 12 көркемөнерпаздар ұжымы қатысты. Ал олардың өнерін Қарғалы аудандық Мәдениет үйінің директоры Нұржан Есмурзин төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады.

«Үздік үйірме — 2017» байқауына қатысушы ұжымдар қазылар алқасы мен көрермендердің назарына түрлі жанрдағы концерттік бағдарламаны, атап айтсақ,  вокал, хореография, аспаптық (халықтық, эстрада), әуесқой театрлар және қолөнер бұйымдарының көрмесін ұсынды.

Аудандық «Үздік үйірме» байқауының қорытындысы бойынша Айсұлу Жаманшалова жетекшілік ететін Петропавл ауылдық клубының «Жастар» би ұжымы «Үздік үйірме — 2017» атанды. Одан кейінгі жүлделі орындарды Әлімбет ауылдық клубының «Сарыарқа» домбырашылар үйірмесі (жетекшісі — Ерболат Кенжехан) және Жосалы ауылдық клубының «Гүлдер» би үйірмесі (жетекшісі — Алтыншаш Байменшина) иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегерлер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Кеш соңында көрермендер — ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button