Құқық

Құқықтық ақпарат — тәртіптің негізі

Кеше облыстық прокуратурада ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық басқармасының ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.

Қоғамды құқықтық статистика жөнінде толық әрі жеткілікті ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған шараны ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық басқармасының бастығы К.Рамазанов ашты.

Облыстық басқарманың ұйымдастыру-бақылау жұмысы жөніндегі аға прокуроры

Г.Әлішева құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті облыстық басқармасының қалыптасу тарихы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы әңгімеледі. Басқарманың арнайы есепке алу бөлімінің аға прокуроры Ж.Биханова жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау тәртібі туралы айтты. Осы бөлімнің аға прокуроры А.Төлегенова прокуратура органдары — заңсыз тексерулерден қорғауға кепіл бола алатынын айтса, басқарманың құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алу бөлімі бастығының міндетін атқарушы М.Пірмаханов қылмыстық статистика жөнінде есеп жүргізу туралы баяндады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар шара соңын пікірталаспен өрбітті.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button