Спорт

Финалдық ойын Ақтөбеде алғаш рет өтті

Қазақстан Кубогы

Ақтөбе стадионында сенбі күні тарихта алғаш рет Қазақстан Кубогы жолындағы бәскенің ақтық ойыны өтті.

Әрине, жанкүйерлердің басым бөлігі бұл жолы «Қайраттың» жеңіске жететіндігіне көп күмәндана қоймағаны белгілі. Солай болды да.

«Қайрат» осымен сегізінші рет Кубок жеңімпазы атанды.

Бірақ «Атырау» командасы алматылықтарға жеңісті оңай бере қойған жоқ. Өздері кереметтей шабуыл жасамаса да, үнемі тықсыра қимылдаған алматылық футболшылардың жолын кесіп отырды. Әсіресе қақпашы Жасұр Нарзиқұловтың шеберлігін ерекше атап өткен жөн.

Екінші таймды атыраулықтар шабуылдармен бастады. Рас, онша қауіпті сәттерге қол жеткізе алмады. Дегенмен біршама уақыт екі команда тең дәрежеде аңдысты. Содан кейін ғана «Қайрат» қайтадан атқа мініп, атыраулықтар абдырап қалды. Сондай сәттердің бірінде, 70-минутта сұр мерген Жерар Гоу қақпаны дәл нысанаға алды — 1:0.

Осы есеп кездесудің соңына дейін сақталды. Әрине, «Қайраттың» есепті ұлғайтарлықтай мүмкіндіктері болды, бірақ тиімді сәттерді пайдалана алмады.

Осылайша «Қайрат» тағы да жеңімпаз атанды.

«Қайрат»-«Атырау» — 1:0

Гол авторы: Жерар Гоу, 70-минут (1:0)

87-минутта тәртіпсіз қимылы үшін Жерар Гоуға «қызыл қағаз» көрсетілді.

15 қазан 2017 жыл. Ақтөбе. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион.

Командалар төмендегі құрамда ойнады:

«Қайрат»: Плотников Владимир, Исаэль Барбоза, Аршавин Андрей, Гоу Жерар (Анене Чума, 87-минут), Арзо Ампоста Сесар, Элек Акош, Бато Шелдон, Ахметов Елдос (Соколенко Александр, 65-минут), Сүйімбаев Ғафуржан, Исламхан Бауыржан (капитан), Парагульгов Магомед (Балтабаев Ойбек, 90).

«Атырау»: Нарзиқұлов Жасұр, Джокич Йован, Двалишвили Владимир (Саломов Шавкат, 80-минут) Лобжанидзе Уча, Сикимич Предраг, Аблитаров Ризван, Максимович Новица, Абдрахманов Эльдар, Хайруллин Марат (капитан), Чичулин Антон, Сергиенко Эдуард (Сүлей Әлішер, 80-минут).

 Е.АХАТҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button